Халықаралық сапа стандарттарына сәйкестік пен көпке танылған қара – қызыл дизайны Hobbi маркасының визит карточкасына айналды. Hobbi құралдары баға мен сапаның ең жақсы (қолайлы) үйлесімін таңдаушыларға арналған. Hobbi сауда маркасының қол құралдары ассортименті әр алуан. Коллекцияда ағаш өңдеу, слесарьлық, абразивтік, өлшеу құралдары, сонымен қатар бояушы-сылақшылық пен металды пісіру жұмыстарында қолданылатын әр түрлі қорғану құралдары бар. + толығырақ
Remocolor құралдары ең жақсы шетел кәсіпорындарында шығарылады.
Әр кәсіпорында білікті эксперттер құралдар үлгілерін, Remocolor маркасының құралдарын шығаруға іріктеп алынған материалдарды үздіксіз жетілдіріп отыратын ғылыми – эксперименттік зертханалар бар. Өндірісте пайдаланылатын барлық материалдар халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Құралды өңдеуден бастап, дайын құрал шығарғанға дейінгі бар өндіріс барысы мамандардың бақылауында болады. + толығырақ
Yard маркасының өнімдері жоғары сапасымен ғана емес, сонымен бірге жұмыс жасауға қолайлылығымен күшті болып табылады. Yard-тың бар ассортименті үшін арнайы дайындалған анатомиялық тұтқыштарын жер бетінің көптеген бағбандары жоғары бағалады.
Жаңа өнімді жобалау және қазіргі қолданыстағы номенклатураның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту үшін жасалып отыратын үздіксіз жұмыс Yard маркасына әлем бойынша жаңа тұтынушыларды тартуға мүмкіндік береді.
2004 жылдан бері Yard маркасының артықшылықтарын Ресей тұтынушылары бағалай алады.
Ресейде кесетін құралды беделді ұйым «РосТест» сынақтан өткізді
Yard СМ өнімдері ГОСТ Ресей стандарттарына сәйкестігіне 17 көрсеткіш бойынша сыналды. + толығырақ
Автомобиль құралдары көп жағдайда ұқсас келеді. Бір қарағанда аты жоқ өндіруші құралы мен танымал сауда маркасы құралының айырмашылығын байқау мүмкін емес. Дегенмен ақша үнемдеу кейде әжептәуір байқалады.
Айтарлықтай айырмашылық болмаса, артық төлеп қажеті не деген сұрақ туады. Бұл қате ой. Айырмашылық бар және де едәуір татымды.
Автомобиль құралын сатып аларда, өз пайдасын, сонымен қатар сол құралды пайдаланғанда өз қауіпсіздігін ойламайтын адам жоқ шығар, сірә. Осы екі құрама таңдалған құралдың сапасына тікелей байланысты. Біздің автомобиль құралдарының сапасы Сізге қауіпсіздік пен тиімді (қолайлы) пайдалану кепілдігін береді. + толығырақ



