Бояушы – сылақшылық құралдарды қалай күту керек?
Қылы суырылмайтын, жұмыс бойы берік сақталатын сапалы бояу жаққыштарды қолданған дұрыс.
Жұмыс аяқталған соң суда ерітілетін лак және бояу материалдарын жағуға пайдаланылған бояу жаққыштар мен білікшелерді сабынды сумен тазалайды.
Қысқа мерзімге, мысалы, түнге оларды тығыз полиэтиленді қапқа салып сақтауға болады.
Лак және бояу материалдарын еріткіш қосып жағуға пайдаланылған жұмыс құралдарын пайдалану арасындағы үзілістерде суға салып сақтайды. Жұмысты жалғастыру үшін құралды мұқият кептіреді, мысалы, оны таза картон не берік қағазбен қысып ұстайды. Жұмыс аяқталған соң, құралды әуелі уайт-спиритпен, кейін таза сабынды сумен тазалайды. Бояу жаққыштың қылын түбіне дейін тазалау керек. Ол жерде түйірленіп қататын бояу немесе лак оңай жиналып қалады және келесі пайдаланғанда боялатын бетке ауысады.
Таза бояу жаққышты ыдыста тік қалыпта қылын жоғары қаратып, ілінулі күйінде не қорапта қылы майысып қалмастай, көлденең жатқызып сақтаған дұрыс. Білікшені пайдаланбас бұрын сумен жуып алған дұрыс, себебі құрғақ білікшенің артынан шаң қалып отырады.
